Ақтау қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

/uploads/thumbnail/20170708193340036_small.jpg

25 тамыз күні Ақтау қаласының әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібі бойынша төмендегі мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды:

1. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсанындағы №26/249 «2015-2017» жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

2. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 шілдедегі №12/124 «Қала әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы.

4. Қаладағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика объектілерінің 2015-2016 жылдарғы күзгі-қысқы мезгілдегі жұмысқа дайындығы туралы.

5. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 19 шілдедегі №4/46 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің қолданысын тоқтата тұру туралы.

6. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсанындағы №26/252 «Ақтау қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

7. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 23 қарашадағы №7/74 «Қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі арнайы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

8. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 21 шілдедегі №44/401 «Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

9. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 15-сәуірдегі №19/188 «Ақтау қалалық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

10.   Қалалық мәслихаттың отыз төртінші сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Күн тәртібінің бірінші «2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ада Ким баяндама жасады. Ол өз баяндамасында 2015 жылға арналған қала бюджетінің нақтыланған жобасы кірістер бойынша – 23 518 493 мың теңге, шығыстар бойынша – 21 391 253,3 мың теңге, таза бюджеттік кредиттеу – 7 571 280 мың теңге, қарджы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 72476 мың теңге және бюджет тапшылығы – 5 181 040,3 мың теңге болып анықталғанын атап өтті.

 Жергілікті бюджеттің орындалуы барысында биылғы жылдың аяғына дейін өткізілген конкурстар және қаржыландыру жоспарының орындалмауы бойынша жалпы сомасы 430 042 мың теңге экономия құралды. Үнемделген қаражатты келесі негізгі іс-шараларға пайдалану жоспарлануда:

-185 076 теңге автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге, (жол бойындағы төселген тастармен қапталған ескі бетондарды диектастарды жаңа граннитті құрылымға ауыстыру);

-6 999 мың теңге – таксиге арналған 4 тұрақ құрылғысына;

-19 930 мың теңге – 14 бағдаршам объектілері тірегін ауыстыруға;

-172 000 мың теңге – «Қала жолдары» ЖШС арнайы техника сатып алуға;

-24 500 мың теңге – биік тұрғын-үйлерге арналған 5 лифт сатып алуға;

-23 228 мың теңге – «Ақбота» саябағын абаттандыру бойынша жұмыстарды жалғастыруға;

-21 572 мың теңге – Өмірзақ селосындағы және «Приозерный-2» т/м су тарату және жылы сумен қамтамасыз ету жүйесінің ағымдағы жөндеуден жүргізуге;

- 37 831 мың теңге қатты тұрмыстық қалдықтарға (ҚТҚ) арналған контейнерлер сатып алуға;

-7 000 мың теңге – 1 ш/а балалар және спорттық алаңдарының құрылғысына;

-226 276 мың теңге жергілікті инвестициялық жобалардың жұмыстары тізіміне қосылған. Күн тәртібіндегі үшінші «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» мәселесі бойынша қалалық жер қатынастар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б. Омарова баяндады. Ол өз баяндамасында ҚР 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексіне енгізілген өзгерістердің 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілуіне байланысты, жергілікті өкілді органдардың ҚР жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге осы Кодекстің 387-бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесімен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға мүмкіндігі бар екендігін мәлімдеді.

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 маусымындағы №526 қаулысына сәйкес, Ақтау қаласы көлемінің азаюына байланысты бюджетке жер учаскелерін сатудан, басқа салық және міндетті төлемдердің түсуінің төмендеуіне орай, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануда ынталандыру және жергілікті бюджетке түсетін кірісті ұлғайту мақсатында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бөлінген жерлерге «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Ақтау қалалық мәслихатының шешім жобасы дайындалды.

Сессия отырысының күн тәртібінде 6, 7, 8 мәселелер бойынша қала әкімінің ауысуына байланысты Е. Жаңбыршин шығарылып, С.Трұмовты енгізу жөніндегі жобалары, сондай-ақ басқа да мәселелер қалалық мәслихат депутаттарымен талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Қала әкімі Серікбай Трұмов сессия отырысының қорытындысында депутаттарға қалалық әкімдік тарапынан алда атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берді. 

Дереккөзі: Ақтау қаласы әкімінің ресми сайты

Связанные Статьи