«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» («ҚМГ БӨ»АҚ) «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС және сервистік «КРУЗ» компаниясының 58 қызметкері қатысқан «ҚМГ БӨ» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының арасындағы 8-ші «Үздік маман» кәсіби біліктілік байқауы аяқталды.
Конкурс теориялық және практикалық бөліктен тұрды. Өткен жылы Атырау облысында өткен жарыс, осы жолы Өзен кенорнында болды.
Жарыс 11 аталым бойынша жүрді. Атап айтқанда, мұнай және газ өндіру операторы, скважиналарды зерттеу операторы, токарь, дәнекерлеушілер, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі, скважиналарды жерасты жабдықтарын жөндеу операторы, мұнай жабдықтарын жөндеу слесарі, қабат қысымын сақтау жөніндегі оператор, электромонтерлер, мұнай дайындау операторы және химиялық талдау зертханашыларының арасында өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшылары жеңімпаз деп танылды.
Әр мамандық бойынша байқау жеңімпаздары «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталып, бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақы алды. Бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылардың жалақысына бір жыл бойы тарифтік мөлшерлеменің 30%, 20% және 10% көлемінде қосымша ақы төленеді.
Дереккөзі: ozenmunaigas.kz