Маңғыстау ауданы жастары «Жастар Отаны» лагерінде !!!

/uploads/thumbnail/20170708193341569_small.jpg

Тамылжыған тамыз айында Ақтау қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығының «Балдәурен» базасында ағымдағы жылдың 18–21 тамыз күндері өткен «Жастар – Отанға» жобасы бойынша Маңғыстау жастарының саяси лагері өтті. Лагерь екінші рет Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тікелей қолдауымен өткізіліп, негізгі қатысушылары ауыл жастары мен жұмысшы жастар болды. Шараға одан басқа да жастар ұйымдарының жетекшілері, қалалық, аудандық, ауылдық жерлердегі «Жас Отан»–ның белсенділері, әлеуметтік желілердің белгілі пайдаланушылары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. 80-ге жуық облыстың әр түкпірінен келген жастардың басын біріктіріп, достық қарым қатынасты қалыптастырған лагердің негізгі мақсаты - облыс көлемінде жастар саясатын одан әрі дамыту, ауыл және жұмысшы жастарына барынша қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар мен патриоттық бағыттағы іс – әрекеттермен ақпараттандыру, жастар ортасында  табысты жас қазақстандықтың кейпін  құру, ауылдық және жұмысшы жастарды қоғамдық өмірге тарту мен қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Аталмыш лагерде Маңғыстау ауданынан бес белсенді әр ауылдың олар Жыңғылды, Шетпе, Тұщыбек, Ұштаған жастары қатысып, ерекше белсенділік танытты. 4 күн бойы ұйымдастырылған саяси лагерде жастар қоғам қайраткері Бекболат Тлеухан, танымал әлеуметтік желі пайдаланушылары Өркен Кенжебек пен Тимур Бектұрмен кездесіп, салихалы әңгіме, маңызды мағыналы ақыл кеңестер айтылды. Әсерлі кездесу жоғары деңгейде өтті. Жастар көкейіндегі мәселелерін айтып, салмақты жауаптарын алды. Маңғыстаулықтардың атынан сыйлықтар да берілді. Бекболат Тілеухан сөз соңында Маңғыстау жұртшылығына, жастарға алғысын білдіріп, сәлемін жолдады.Жастар спорттық ойындар мен көңілді би кештерін өткізді. Бұл жастарға түрлі ой салатын, психологиялық дамыту әсері бар лагерь болды.

Дереккөзі: www.audan.mangystau.gov.kz

Связанные Статьи