ОҚО, Кентау қаласы - Балаларға бірге көмек берейік!

/uploads/thumbnail/20170708193356199_small.jpg

Кентау қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастырумен, Қазақсатан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қорының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің демеушілігімен Тұрар Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы аясында «Балаларға бірге көмек берейік!» атты қайрымдылық іс-шарасы болып өтті.

Аталған шараға қалалық орталық мешіттің найб имамы Жомарт Төлен, облыстық «Зекет» қорының жетекшісі Өркен Сапарқұлов, «Ар-рахим» мешітінің имамы Бақытжан Акауов, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Нүрипа Күзембаева және білім ошақтарының мұғалімдері мен ата-аналар, оқушы жастар қатысты.

Қайырымдылық шарада мешіт имамдары мен «Зекет» қорының жетекшісі сөз сөйлеп, аз қамтамасыз етілген оқушы балаларға қол ұшын беріп, көмек қолын созу әрбір азаматтың парызы екендігін ескертіп, оқушыларға оқу құралдарын табыстады. Акция барысында «Самұрық» би тобы би-билеп, оқушылар үйінің «Көңілді дыбыстар» үйірмесінің оқушылары ән айтып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс шараға қатысқан №12 орта мектептің ата-анасы Күлтай Ешимова мен №14 мектептің ата-анасы Күләш Аширова сөз сөйлеп, көмек көрсетушілерге өздерінің алғыстарын білдірді. Жиын соңында балаларға арналған тәттілер қойылып, дастархан жайылды.

Дәл осындай қайырымдылық акциясы Кентау қаласының өзге де білім ошақтарында өз жалғасын табуда.

Дереккөзі: Кентау қаласы әкімдігінің сайты

Связанные Статьи