Отырарда баланы бала бақшаға кезекке қою мәселесі оң шешім таппақ

/uploads/thumbnail/20170708193359820_small.jpeg

Бүгінгі тіршілік жәрмеңкесі қызу қайнап, адам баласы өмірдің барлық саласына бірдей үлгеруге тырысқан қоғамда бала тәрбиесінің де маңызы аса ерекше. Дана ойшыл Ж. Баласұғын «Өнер-білім берем десең басынан, оқуға бер балаңды жасынан» дегендей, - жас өскінге қазіргі заман талабына сай тәрбие беріп, мектепке даярлау барысында балабақшаның айрықша рөл атқаратындығын баса айтқымыз келеді. Бала дүниеге келгеннен кейін, туу туралы куәлігін рәсімдеген сәттен бастап, баланы мемлекеттік бала бақшаға кезекке қоямыз. Олай болса, ата-аналар назарына балаларды балабақшаға қою кезегі туралы мәліметтерді ұсынбақпыз. Балабақшаға тіркелуге өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталығына барып өзіне-өзі қызмет көрсету секторы немесе Мобильді қосымша egov.kz, www.egov.kz порталы арқылы беруге болады. Жас аналар мен әкелер үшін кезекке онлайн қою тәсілі қолайлы, себебі бұл үйден шықпай-ақ жүзеге асырылады. Балабақшаға бірінші кезекті алу құқығына: мүгедектердің балалары; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жетім балалар; көпбалалы отбасының балалары; жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың балалары ие болады. Ескере кететін жайт, портал арқылы қызметті алу уақытында тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. Ал, ХҚКО арқылы қызметті алу үшін: белгіленген нысандағы өтініш; ата-аналардың бірінің немесе заңды өкілдерінің жеке басты куәландыратын құжаты; баланың мекенжай парағы немесе қызметті алушының тұрғылықты жерін растайтын өзге де құжат ұсынуы қажет. Құжаттар тексеру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынылады, осыдан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады. Баланы балабақшаға кезекке қою барысында түсінбеушіліктер туындаған жағдайда бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефонына қоңырау шалуға болады. Қоңырау шалу тегін. «ХҚКО» РМК-ның ОҚО бойынша филиалының Отырар аудандық бөлімінің инспекторы Маханбетов Нурбол Нуридинович

Дереккөзі: otyrar.gov.kz

Связанные Статьи