Алматыда парамен ұсталған бұрынғы кеденші сотталды

/uploads/thumbnail/20170708193401453_small.jpg

Алматы  қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аудит басқармасының пост-кедендік бөлімінің бұрынғы қызметкері 500 мың доллар пара алмақ болғаны үшін 10 жылға сотталды. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Tengrinews.kz  сілтеме жасай отырып хабарлайды.Естеріңізде болса,  кеден қызметкері жарты миллион доллар пара алмақшы болды деген күдікпен осы жылдың  сәуір айында ұсталған болатын. Ол кезде шенеуніктің кедендік баж салығын төлемегені үшін делдал арқылы пара алмақ болғаны хабарланған еді. МКД-ның бұрынғы қызметкері аса ірі көлемде пара алмақ болған.  Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Сонымен қатар, мүлкін тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айыру түріндегі жаза кесіпті.

Айта кетейік, 2015 жылдың ақпанында Мемлекеттік кірістер департаменті Солтүстік Қазақстан облысының аймақтық басқарма төрағасы тұтқындалған. Оған қызметтік бабын асыра пайдаланды деген күдік келген болатын.

«Қамшы » сілтейді

 

Связанные Статьи