Демеушілер дем берді

/uploads/thumbnail/20170708193400854_small.jpg

Сайрам аудандық мәдениет үйінде білім беру бөлімінің басшылығы «Мектепке жол» акциясын өткізді. Биыл сегізінші рет өткізіліп отырған акция ауданда «Балаға мейірім сыйла!» үндеуімен өтуде. Аталған акция «Мектепке жол» республикалық акция жобасының аясында өтіп жатыр. Бұл шараның негізігі міндеті – аз қамтылған отбасыларындағы оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығы және балалардың әлеуметтік жағдайлары бойынша мектепке бармауының алдын алу. Сондай –ақ, олардың мектеп формасы, оқуға қажетті құрал – жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау. Республикалық акцияның барысында Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік педагогикалық институның ректоры О.Аяшов, Шымкент университетінің ректоры Ғ.Пірәлиев, аудандық соттың төрағасы Б.Тыныбеков, аудандық ішкі істер мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі аудандық орталығының басшысы Н.Диханбаев, аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі М.Байымбетов, аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Тұрлыбеков, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ү.Сербаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Н.Ережепов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Серікбаев, Ақбай ауылының биі Е.Әдіханов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ш.Рахатов, С.Сейфуллин гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі С.Мергенбаева, Қарасу ауылының әкімшілігі, жеке кісіпкер Д.Туламетовтер қолдау көрсетті. Демеушілердің көптеп көмек көрсетуі арқасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған балалар қыркүйектің 1 – і күні білім нәрімен сусындауға мектепке барды.

 

Дереккөзі: Мәртөбе газеті

Связанные Статьи