Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдікті іздестірілуде (видео)

/image/2020/12/20/crop-6_77_367x489_2020-12-20_12-47-26.png

Желіде Шымкентте зейнеткер әйелді зорламақ болған ер адамның суреті жарияланды. 

Оқиға 17 желтоқсанда шамамен сағат 23:15-те болған. Еңбекші аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне қарт әйелге жедел көмек қажеттігі туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына шұғыл барған жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде 70 жастағы әйелге зорлық-зомбылық жасалмақ болғанын анықтаған.

Күдіктінің кім екені анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет сотталған.

Аталған іс қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-тармағы, 120-бабы 1-тармағы (зорлауға әрекет ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Күдікті іздестірілуде.

Оставить комментарий

Связанные Статьи