Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі.
Көпбаев 2019 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласы "Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты" РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.
Ақмола гарнизоны Әскери соты Көпбаевты 5 жылға бас бостандығынан, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды.
Сонымен бірге, сот президентке Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және "Құрмет" орденінен айыруды ұсынады.
Оставить комментарий