Павлодар облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

/image/2020/12/20/crop-17_12_468x871_caa9c82719304f9f8b9f34fd4d43af28_xl.jpg

20 желтоқсанда сағат 13.05 шамасында Павлодар-Қызылорда автожолының 201 шақырымында жол апаты болды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Жолдың нашар көріну жағдайында Subaru Outback, Lada Granta және Тойота Самrу автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Апат салдарынан оқиға орнында бес адам қаза тапты, бұл Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары" делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қайтыс болғандардың арасында жас бала да болған. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың жеке тұлғалары анықталуда.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи