Павлодар облысында тасжолдағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
20 желтоқсанда сағат 13:05 шамасында Павлодар – Қызылорда республикалық маңызға ие тасжолының 201 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан «Lada Granta» автокөлігінде болған бес адам (жүргізуші мен төрт жолаушы, олардың біреуі жас бала) оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен қаза тапқан адамдардың жеке бастары анықталуда.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, жол апаты салдарынан жарақат алған тағы бір әйел ауруханаға жатқызылды.
– Шамамен 35, 40 және 45 жастағы үш ер адамның, 40 жастағы әйелдің және бес жастағы баланың биологиялық өлімі тіркелді.
1986 жылы туған науқас. Оған жабық бас жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай аймағының көгерген жарасы, кеуде қуысының жарасы диагнозы қойылды. Сондай-ақ, оған жамбас пен кеуде қуысының жабық сынуы диагнозы қойылған. Зардап шегуші Екібастұз қалалық ауруханасының травматология бөлімшесінде жатыр, - деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Оставить комментарий