Қазақстан 1,5 миллиард еуро қарыз алады. Тоқаев заңға қол қойды

/image/2020/12/21/crop-42_19_644x1146_news_full158332830379c4f7add2786a35ca9853e15028ee57.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы "қарыз туралы" келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. 

Заңның мәтіні алдағы уақытта баспасөзде жарияланады. 

Бұған дейін сенат коронавируспен күресу және Қазақстан экономикасын қалпына келтіру үшін Азия даму банкі мен Азияның инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 миллиард еуроға несие алу туралы заң қабылдаған.

908 миллион еуроға алғашқы несиені Азия даму банкі беруі керек. 454 миллион еуро көлеміндегі несиенің бір бөлігін Қазақстан үш жылдық жеңілдік кезеңімен қоса 10 жыл ішінде төлеуі керек. Қалған 454 миллион еуро үш жылдық жеңілдік кезеңін қосқанда бес жылға беріледі.

Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен екінші келісімге 661 миллион еуроға қол қойылды. Несие үш жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 10 жыл мерзімімен беріледі.

 

 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи