3 қаңтарда шетелден келген азаматтардан коронавирус анықталған жоқ

/image/2021/01/04/crop-82_14_509x679_9c5ea29d-c0a1-4897-b7a4-2e1abdc6a10e.jpeg

3 қаңтарда шет мемлекеттерден келген жолаушылардан коронавирус инфекциясын жұқтырған жолаушылар анықталған жоқ. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

3 қаңтарда Қазақстанға Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

Барлығы 2 375 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тесті бар 1 843 адам, анықтамасыз 532 Қазақстан азаматы келген.

Оның ішінде Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1184 жолаушы, анықтамамен – 1018, анықтамасыз – 166 адам келген. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 191 жолаушы, анықтамамен – 825, анықтамасыз – 366 жолаушы келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісін жасатып, карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 2 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 254 азаматтан коронавирус табылмады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи