Бөгде ғаламшарлықтар 2017 жылы келген және одан да көбі келеді – Гарвард профессоры

/image/2021/01/04/crop-27_8_784x1207_watch-this-space.jpg

Гарвард астрономия кафедрасының меңгерушісі Ави Лоеб "бөгде ғаламшарлықтар 2017 жылы келген және бұдан кейін көбірек келеді" деп санайды. Бұл туралы The New York Post басылымы хабарлады.

Профессор  жақын арада жарық көретін "Жерден тыс интеллектуалды өмірдің алғашқы белгісі" кітабында 2017 жылы  Күн жүйесіне кірген аспан денесінің басқа емес, бөгде ғарыштық технология екені туралы айтқан.

Оның ойынша, аспан денесі бөгде ғаламшарлық технологияның бір бөлігі.

Қарастырылып отырған нысан 25 жарық жылы қашықтықта орналасқан Вега бағытынан біздің Күн жүйесіне қарай қозғалып, 2017 жылдың 6 қыркүйегінде Күн жүйесінің орбиталық аумағына кірген.

9 қыркүйекте оның траекториясы күнге жақындаған. Қыркүйек айының соңында ол Венераның орбиталық аумағынан шамамен сағатына 94790 км жылдамдықпен өтіп, сосын 7 қазанда "Пегас жұлдызы мен одан кейінгі қараңғылыққа қарай жылдам қозғалды" деп жазады Лоеб кітапта.

Нысанды алғаш рет Гавайдағы Панорамалық зерттеу телескобы және жедел әрекет ету жүйесі бар обсерватория байқаған. 

Гарвард ғалымы "аспан денесінің сигарға ұқсаған пішінінің ғарышта қалыптасу мүмкіндігі өте төмен" дейді. Зерттеуші аспан денесінің пішінін, жарықты шағылыстыру деңгейін, қозғалысын т.б өлшемдерді есепке алып, оның жай аспан денесі емес, қайта оның ғарыштық технология болу ықтималдығы жоғары екенін алға тартқан.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи