Бекшин алматылықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды

/image/2021/01/07/crop-74_13_469x626_21625e54-a212-4e77-b7ec-8398de02abee.jpeg

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт күйде қалып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты. 

Бас санитар дәрігердің айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды шектеу шараларын бақылауды күшейту матрицасында бағалау сары аймақта болуын жалғастыруда.

– Қалада індеттің екінші толқынының дамуы қазан айында басталды, 3 айда КВИ жағдайларын тіркеу 14 есе өсті. Қаңтар айының 7 күнінде КВИ-дің 700-ден астам жағдайы тіркелді, қаңтар айына болжам қолайсыз және 4500-ге дейін жағдайды құрайды.

Соңғы 14 күнде сырқаттану 20-39 жастағы азаматтар арасында 35%-ды, 40-59 жас аралығында 33%-ды құрайды, бұл шектеу шараларының бұзылуымен және корпоративтік кештерді өткізумен, сауда объектілеріне барумен байланысты, – деді ол.

Бекшин тұрғындарды көп жиналатын орындарға барудан бас тартуға, вирустың таралуын тоқтату үшін ашық ауада маска тағу, арақашықтықты қатаң сақтауға шақырды.

– Коронавирус инфекциясымен ауырған науқастармен және жұмыс орны бойынша байланыста болған адамдар үйде қалып, тегін негізде тексеру үшін телефон арқылы емханаға хабарласуы керек. Алматы қаласының азаматтары мен қонақтарына ЖРВИ белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйіне шақыртуды, зейнеткерлерге аса қажеттіліксіз тұрғын үйлерден шықпауды ұсынамыз, – деді Ж. Бекшин.

Оставить комментарий

Связанные Статьи