Нұр-Сұлтанда 7 қаңтар сағат 08:52-де Есенберлин көшесіндегі "Батыр" көлік жуу орталығында 13 көлік өртеніп кетті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдай департаменті.
"Көлік жуу орнында автокөлік көп болғандықтан өртті сөндіру біраз қиынға соқты, бірақ өрт сөндірушілердің жедел және сауатты іс-қимылдарының арқасында өрт 10 сағат 21 минутта ауыздықталып, 10 сағат 53 минутта толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр" делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Өртті сөндіруге 9 бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам шыққан.
Оставить комментарий