Қазақстандағы ғылыми жобалар қазына қаржысынан мүлдем қағылуы мүмкін. Зерттеу орталықтарын тексерген Есеп комитетіндегілер жағдайды көріп, жағасын ұстап отыр. Бұл туралы «Қамшы» порталы КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
www.nur.kz порталының жазуынша, білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы мен Инвестициялық даму министрлігі ғылыми-техникалық зерттеуге бөлінген 51 миллирд теңгені ұшты-күйлі жоқ қылған. Ал жоспарланған жобалар жүзеге аспай, сол күйі аяқсыз қалыпты. Сондықтан комиссия мүшелері ғылым саласына берілетін қыруар қаржыны тоқтатып, орнына балабақша, жатақхана салайық деген ұсыныс жасаған.
Есеп комитеті тексерген ғылыми орталықтың 90 пайызынан заңбұзушылық фактілері анықталған. «Мұндай рекордтық көрсеткішті ешбір мемлекеттік органнан көрген жоқпыз» дейді комиссия мүшелері.
Есеп комитеті тексеріс жүргізген үш министрлік бойынша бюджеттік заңбұзушылықтың барлық соммасы 51 миллиард теңгеның құрап отыр. Бұл туралы Есепт комитетінің мүшесі Совхозбек Құлмағамбетов мәлімдеген.
Қара тізімді Білім министрлігі бастап тұр. Ғылыми зерттеулерге бірден бір жауапты ведомствоға ұшты-күйлі жоғалған қаржының 37 миллиарды тиесілі екен.
Министрлікке қарасты ғылыми орталықтарда 86 жоба өндіріске түспек түгілі мүлдем тоқтап қалған. Оны шенеуніктердің өздері де мойныдап отыр.
“Мы признаем, поэтому вот те изменения, которые мы вносим в законодательство для того, чтобы не было такого. 10 миллиард 200 миллион теңгені бюджетке кім қайтарады?”, – дейді Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.
Білім министрлігіндегі былық мұнымен шектелмейді. Ғылыми кеңес мүшелерінің қылығы мүлдем күлкілі. Мұндағылар мемлекеттен грант бөлінетін 41 ғылыми жобаны өзара бөліп алып, май шелпекке айналдырған.
“Қаржыландырудың талабы бойынша мекеме басшысы көп дегенде екі жобаға жетекшілік ете алады. Ал сіздердегі Меруерт Қуатқызы ғылыми кеңеске мүшесі бола тұра үш жобаны иеленіп алған. Сонда өздеріңіз мақұлдайсыздар, өз-өздеріңізге есеп бересіздер ме?”, – дейді Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин.
Ауыл шаруашылығы мен Инвестициялық даму министрлігінде де дәл осылай жоспарланған ондаған ғылыми жоба аяқсыз қалған.
“Президент говорил ақша жетпей жатыр, кризис. Вы бюджетными средствами распределяетесь как, я не знаю… даже своими собственными деньгами так не распределяетесь…”, – дейді Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин.
Сондықтан, Есеп комитетіндегілер жыл сайын қазынаның миллиардтарын еш пайдасы жоқ ғылыми жобаларға құйғанша, жұртқа жатақхана, баспана, балабақша салуға жұмсауды ұсынды.
Ал қазына қаржысын негізсіз жұмсағандардың аты-жөнін ресми сайттарына жариялап, жұртқа масқара қыламыз деп отыр. Әрине, қара тізім Ақорда мен құзырлы органдарға да жіберіледі.