Тоқаев Қазақстан үкіметі туралы жарлыққа қол қойды

/image/2021/01/15/crop-0_472_1794x2392_48dba647-8f5b-4f1f-89c9-2854dc0faf2e.jpeg

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында айтылған.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" делінген жарлықта.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи