Нұр-Сұлтанда жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтуде. Оған сенат депутаттары, 10 қаңтарда сайланған мәжіліс депутаттары, сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.
Президент жаңа құрамдағы мәжіліс депутаттарына табыс тілеп, алдағы уақытта қарқынды жұмыс істеуді тапсырды.
– Сайлау карантинге қарамастан белсенді өтті. Мәжіліске өту үшін кейбір партияларға аз ғана дауыс жетпеді. Бірақ олар әрқашан өзекті мәселелерді белсенді көтереді. Сондықтан, мәжіліске өтудің шекті межесін 7-ден 5%-ға дейін төмендету қажет деп санаймын, – деді президент.
Бұған дейін 10 қаңтар күні болған сайлау нәтижесі бойынша, үш саяси партия шекті межеден асып, депутаттық мандат иеленген. Сайлау нәтижесі төмендегідей болған:
Nur Otan партиясы – 71,09%;
"Ақ жол" партиясы –10,95%;
Қазақстан халық партиясы – 9,1%;
"Ауыл" партиясы – 5,29%;
ADAL партиясы – 3,57%.
Оставить комментарий