Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болған

/image/2021/01/17/crop-1_0_502x894_depositphotos_336868908_l-2015-pic905-895x505-54338.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияның тәуліктік статистикасын жариялады.

Соңғы тәулікте 978 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 11 адам қайтыс болған. 94 адамнан пневмония анықталды, 4 адам көз жұмды. 

17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 373 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 296 пациент стационарда, 18 077 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін 198 096 адам Covid-19-бен ауырған, оның ішінде 2408 адам қайтыс болған.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін 46 831 адам пневмония жұқтырған, соның ішінде 538 адам көз жұмған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи