Үш облыста ауа-райына қатысты ескерту жарияланды

/image/2021/01/19/crop-55_24_295x525_42d2c31e5c3348f68e813e66126e4b24_l.jpg

"Қазгидромет" Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

20 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман және жел күшейіп боран соғуы ықтимал. Солтүстік-Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын болады.

Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз – 23-28 м/с. Петропавл қаласында 20 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлердегі екпін – 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 20 қантарда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи