Айымбетовтың ғарыштағы сапары 2 тәулікке қысқаратын болды

/uploads/thumbnail/20170708193528098_small.jpg

Кеше «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі Астана уақытымен сағат 13:39-да Халықаралық ғарыш бекетіне жетіп, кеме экипажы осы бекетте жұмыс істеп жатқан алты ғарышкермен жүздесті.  Бұл туралы «Қамшы» порталы 24.kz-ке арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтың ғарыштағы ғылыми зерттеулері Қазақ ғылымының дамуына үлес қоспақ. Қазақ ғарышкері ғылымның төрт саласы бойынша жұмыс істейтін болады.

Ғарышкер физикалық жерді ғарыштан зерттеу медициналық және биологиялық ғылымдар бойынша тәжірибелер жүргізеді.

“Халықаралық ғарыш бекетінде тұңғыш рет 9 ғарышкерден жасақталған халықаралық экипаж жұмыс істейтін болады”, – деді баспасөз конференциясында ресейлік ғарышкерлер бағдарламасының жетекшісі Владимир Соловьев.

Сондай-ақ, ғарыш кемесінің Халықаралық ғарыш бекетіне жетуіне екі тәулік уақыттың жұмсалғанына байланысты қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтың және даниялық астронавт Андреас Могенсенның ғарыштағы сапары екі тәулікке қысқарып сегіз тәулікті құрамақ.

Алайда мұндай қысқарту қазақ ғарышкерінің ғылыми жобасын толық жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін болады.

Ғарыштағы сапарын сәтті жалғастырып жатқан Айдын Айымбетов ғарыштан Қазақ халқына және Жер планетасының тұрғындарына сәлем жолдады.

“Берілген тапсырманы уақытында орындаймын деп сендіремін. Өзімді жақсы сезінудемін, бейімделу жақсы өтті. Жерлестерім мен қазақстандықтарға саламалейкум”, – деді Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов.

 

Связанные Статьи