Талдықорған қаласы маңындағы Еңбек ауылында тұратын үш баланың әкесі 44 жастағы Сұлтан Ахметов "Әкемізге қалыңдық" жобасының редакциясында өз тағдырын баяндады.
Бағдарлама кейіпкерінің айтуынша, 7 жылдан кейін әйелінің жүріс-тұрысы өзгере бастаған. Ол үйден ұзын етек киіп шығып, табалдырықтан аттай сала, ашық-шашық киімін, басына паригін киіп, басқа адаммен кездесіп жүрген.
Күйеуі жарының опасыздығын біліп қойған кезде көзіне шөп салған әйелі күйеуін тастап, балаларды алып кеткен. Бұл жайт Сұлтанды есеңгіретіп жіберген. Тек балалары өзіне оралғанда ғана есін жиды. Балаларды күйеуіне берер әйел шарт қойған. Бірінші баласы үшін джип, екіншісі үшін үй, үшіншісі үшін жиһаз дүкенін талап еткен.
Балалардың әкесі ойланбастан әйелінің сұрағанын берді. Дегеніне қол жеткізген әйел көлікпен келіп, балаларды үйінің қақпасына әкеп тастайды. Сол сәтте балаларының кішісі небәрі 11 айлық болған.
Бүгінде Сұлтан балалары үшін өзін қолға алып, қиындықты еңсеріп келеді. Азамат бүгінде жобаға қатысып, өзіне жар табудан үмітті.
– Мен әлі жаспын, сондықтан шынайы жар сүйіспеншілігіне лайықпын, – деді Сұлтан.
Жоба командасы психологпен кеңесе отырып Сұлтан үшін таңдаған әйелдің есімі – Гүлназ. Жасы 39-да. Ол – Алматы қаласының тумасы. Қалалық әйел Сұлтанмен, оның анасы мен балаларымен бірге ауылда тіршілік ете ала ма? Оны уақыт көрсетеді.
Оставить комментарий