Қытай: Тайвань тәуелсіздігі үшін соғыс болады

/image/2021/01/29/crop-7_-1_531x827_download.jpeg

Қытай қатаң мәлімдеме жасап, Тайваньның Бейжіңнен тәуелсіздік алуға ұмтылысы "соғысқа" ұласатынын ескертті.

Ескерту Бейжің әскери әрекеттерін күшейтіп, аралға жақын маңда әскери ұшақтарын жібергеннен бірнеше күн өткен соң жасалды. Сондай-ақ өткен аптада Вашингтоннның жаңа әкімшілігі қабылдаған Тайвань мен АҚШ арасындағы тығыз қарым-қатынас жағдайында болып отыр.

Вашингтон  бейсенбідегі мәлімдемесінде Тайваньның қорғаныс қабілетін қолдауға деген ұмтылысын растады.

Қытай демократиялық Тайваньды Бейжіңнен бөлінген провинция деп санайды, ал Тайвань өзін егемен мемлекет деп есептейді.

Бұған дейін Әл-Жазира телеарнасы Қытай билігінің Оңтүстік Қытай теңізіндегі соғыс кемелеріне оқ атуға бұйрық бергенін хабарлаған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи