Астана қаласындадағы ірі жанармай құю бекеттерінде көлік отынының бағасы арзандатылды. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Қазмұнайгаз» май құю стансасында АИ-92 маркалы бензині литрі 125 теңгеден сатылса, Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысындағы «Номадойл» стансасында осындай маркалы бензиннің литрі бұрынғыша – 108 теңгеден сатылуда. Бұл туралы «Қамшы» порталы nur.kz-ке сілтеме жасайды.
Жанармай бекеттеріндегі АИ-95 маркалы бензиннің бағасы – 136, АИ-98-дің литрі – 149, АИ-96-нің литрі – 129 теңге, АИ-98 бензинінің литрі 145 теңге тұрады.
Соңғы екі-үш күнде Алматыдағы жанармай бекеттеріндегі бензин бағасы АИ-92/93 бензинінің литрі 127-130 теңге шамасында болған.
Осының алдында Қазақстан Үкіметі бензин жетіспеушілігін болдырмау үшін АИ 92/93 бензинінің бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартуға шешім қабылдағаны туралы жазған болатынбыз.
Үкіметтің мұндай шешіміне вице-премьер түсінік бере отырып, бұрын Қазақстан жетіспейтін бензинді Ресейден литрін 1 рубль – 2,95 теңге бағамымен 97 теңгеден сатып алып, 108 теңгеден сатып келгенін айтқан.
Ол сонымен бірге Қазақстанда АИ-80 маркалы бензині мен дизель отынына баға көтерілмейтінін атап өткен.