Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулы жариялады

/image/2021/02/01/crop-153_10_561x748_eeef9da0-8baf-4986-895d-c5f22454b21f_w1023_r1_s.jpg

Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин карантин талаптарына қатысты жаңа қаулы шығарды.

Жаңа қаулыға сәйкес:

  • Алматыда 1 ақпаннан бастап сауда үйлері жұмыс күндері ашық болады. Тек жексенбі күні жұмыс істемейді;
  • Тамақтану орындары жұмыс күндері және демалыста да 23:00-ге дейін істейді;
  • Кинотеатр мен театрлар шектеусіз жұмыс істейді;
  • Сауна, монша мен СПА 21:00-ге дейін істейді. Жексенбі күні жабық болады.
  • Ауру белгілері жоқ науқастар үйінде жағдай жасалмаса ғана ауруханаға жатқызылады.

Бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері 1 ақпаннан бастап карантин шаралары күшейтілетінін айтқан. Ол уақытта Алматы қызыл аймақта болған. 30 қаңтарда Алматы қызыл аймақтан сары аймаққа өтті. Осыған орай жаңа қаулы шықты.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи