«Сәбина келін-2» фильмінің түсірілім жұмыстары аяқталды

/uploads/thumbnail/20170708193552070_small.jpg

 Нұртас Адамбаев «Сәбина келін-2» фильмінің түсірілім жұмыстарының аяқталғандығы туралы өзінің  «Facebook» парақшасында хабарлады. Ол фильм көрермендер назарына келер жылдың ақпан немесе наурыз айларында ұсынылмақ.  Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. Картина авторының айтуы бойынша бұл фильм көптеген қызға жақсы үлгі боларлық тәрбиелік мәні бар туынды екен. Кино  Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасыты Дегерес ауылында түсірілген. Түсірілім барысында ауылдықтар мен шығармашылық ұжым арасында келіспеушіліктер де болған. Дегерестіктер ауылын келемеж еткен шығармашылық ұжымға өкпелі көрінеді. Дегерес ауылының тұрғыны Елнұр Бейсенұлы «Сәбина келін» фильміндегі киношылардың жастардың неке тойындағы лимузиннің орына есек пен арбаны безендіруі- ауылдықтардың намысына тиді деп есептейді. «Мен кино түсірушілердің ол әрекетін қазақты келемеждеу деп білемін. Далаға той жасатып, есекпен жастарды қыдырту деген не сұмдық? Қай атамыз есекті мал санап еді. Біздің ауылда есек балалардың ойыншығы. Тарпаң тұлпарға мінуге әлі шамасы жете бермейтін 4 жасар балалар есекпен ойнайды. Ойын баласының есегін ұстап алып, « қазақтар осылай той жасайды», - дегендеріне жол болсын. Керісінше, Дегерес -әлемге жүйрік жылқыларымен аты мәшһүр болған ауыл. Ал қазақтар тойында есекті салтанатты етіп безендіріп мінеді деген шылғи өтірік. Банктен несие алса да, баласына бір той жасап, аппақ машинаға мінгізетін де қазақтар емес пе? Қазақтың несиеге алған ақшасын қалтасына басып, өзін келеке  етіп кететін жұлдыздарға ауылдықтардың өкпесі қара қазандай. Біз осы фильм арқылы Нұртас күллі қазақты келемежге айналдырды деп есептейміз. »,-деді ауыл тұрғыны .

 "Сәбина келін" комедиялық фильмінің бірінші бөлімі бес күн ішінде прокатта 600 мың доллар ақша жинаған болатын. Сәбина келін туралы фильмді түсіруге 300 мың доллар (54,6 миллион теңге) жұмсалған.

Айнұр Төлеу

Связанные Статьи