Молдавандар билікке қарсы ереуілге шықты (Фото)

/uploads/thumbnail/20170708193553310_small.png

Lifenews.ru арнасының мәліметіне сүйенетін болсақ, Малдова астанасы Кишенев қаласында тұрғындар соңғы 20 жылда болмаған наразылық акциясын ұйымдастырған.  Бұл ауқымды акцияны ұйымдастырушылар елдің қазіргі билігін отставкаға кетуін талап етуде.  Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Малдованың Кишенев қаласындағы  «Ұлы Ұлттық Кеңесі» алаңында 100 мыңнан астам тұрғын елдің қазіргі билігі мен Үкіметін отставкаға кетуін талап етіп, ереуілге шыққан.

Назарылық акциясын  «DА азаматтық платформасы» саяси бірлестігі ұйымдастырған. Наразылық акциясына ел Астанасынан өзге республиканың өзге де аймақтарынан тұрғындар келген.

 —  Қазір алаңда Малдован туымен қатар, ЕО жалауы да желбіреп тұр. Акция белсенділері Үкімет пен Президенттің отставкаға кетуін талап етуде. Себебі, олар өздерінің уәделерінде тұрмады. «Ұрланған миллиардттар» үшін олар жауап беруі тиіс. Елдің үш бірдей ірі банкінен 1 миллиард евроны шетелге асырып жібергендер отставкаға кетуі тиіс,-дейді  оқиға куәгерлері «Lifenews» арнасына.

Наразылық акциясына қатысушылардың ашуын туғызған елдегі төмен жалақы көрсеткіші, әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнатақының және басқа да экономикалық қиыншылықтар.

Ал Малдова билігі наразы топтың бұл әрекетіне жауап бермеген. Ал алаңдағы жиналғандар билік өкілдері келіп түсіндірме беруі тиіс дейді.

Нұрзат Тоғжан

«Қамшы» сілтейді

Связанные Статьи