Владимир Путинді ливиялық тиран Муаммар Каддафи сияқты ресейлік наразылық білдірушілер өлтіруі мүмкін. Бұл туралы ресейлік-америкалық сарапшы Юрий Фельштинский мәлімдеді.
Юрий Фельштинский Путин Каддафи сияқты "өлтірілуден қорқады" дейді. Оның пікірінше, ресейлік демонстранттар оппозиционер Алексей Навальныйдың түрмеге қамалуына ашулы.
Навальный 17 қаңтарда Мәскеуге оралғаннан кейін дереу тұтқындалған. Оқиға Ресейде наразылық тудырып, бүкіл елде жаппай шерулер болды. Путинге қарсы наразылықты басу кезінде полиция 10 мыңнан астам адамды тұтқындады.
Енді Юрий Фельштинский Ресей президенті билікті ұстап қалу үшін тек репрессияны күшейтетінін айтты және оның жағдайын 2011 жылғы Каддафимен салыстырды.
Ресейлік-америкалық автордың ойынша, Навальныйдың қамауға алынуы, соған байланысты жалғасып жатқан наразылықтар және оппозицияның қатты қуғын-сүргінге ұшырауы Путинның ел ішіндегі қолдауға ие болуын төмендетіп жатыр. Сондықтан Путинде биліктен айырылып қалмау үшін наразыларды басып-жаныштайтын ғана таңдау бар.
Фельштинскийдің пікірінше, Путинде репрессиялық тәсілінен бас тартса, өлтіріп кете ме деген үрей бар.
Сарапшы The Sun басылымына "Путин өзінің басқару жүйесі қалыпты ережелер бойынша өмір сүре алмайтынын біледі. Ол идеалист емес" деп сұхбат берді.
– Ол қысым жасауды жалғастырмаса, тірі қалудың мүмкіндігі жоқ екенін біледі. Путиннің соңғы оқиғалардан соң алатын сабағы мынау: ол бақылауды күшейтуі керек және көбірек репрессия жасауы керек. Мұны біз енді көретін боламыз, – деді ол.
Оставить комментарий