Қазақстандық Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан халықаралық турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлады olympic.kz сайты.
Сайттың мәліметінше, бұл күндері АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл-акробатикадан North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр.
Отандасымыз 85.68 нәтижесімен топ жарды. АҚШ өкілі Тасиа Таннер 76.56 көрсеткішімен күміске ие болса, канадалық Юстин Элли қола жүлдені иеленді. Сондай-ақ жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының спортшылары арасында Ақмарал Қалмұрзаева 6-орыннан көрінсе, Аяна Жолдас 7-орынға табан тіреді.
Оставить комментарий