Оңтүстік Қытай теңізіде Вашингтон-Бейжің арасында әскери қақтығыс қаупі өршіп барады. Сарапшылар Қытайдың Тайваньға төндіретін қауіп-қатері және тәуелсіз аралдың маңындағы әскери белсенділік күшейіп бара жатқанын айтып ескерту жасады.
Бейжің "Тайвань мәселесі соғысқа ұласатынын" ашық жарияласа, Си Цзиньпин Байденге "қарсыласу апатқа әкеп соғатынын" төтесінен айтты.
Мамандар әскери қақтығыс салдарының болу қаупі жоғары екенін ескертеді.
Қаңтарда АҚШ президенті Джо Байден қызметке кіріскен алғашқы бірнеше аптада қытай соғыс ұшақтарының бірнеше "ірі шабуылдары" туралы хабарланған.
Ал осы аптаның басында Байден Ақ үйде ант қабылдағаннан соң алғаш рет Қытай президенті Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында Си Цзиньпин АҚШ президентіне "қарсыласу апат" әкелетінін ашық айтты.
Жақында ғана Бейжің Тайванға "тәуелсіздікке ұмтылса соғыс" болатынын қатаң ескерту жасады.
Қытай соғыс ұшақтарының шабуылдарын АҚШ тасымалдаушы әскери тобымен бір уақытта бір аймақта өткізді.
Шиеленіскен оқиғаларға байланысты Шығыс Азиядағы әскери сарапшы және "соғыстан кейінгі Жапонияның теңіз күші" еңбегінің авторы Алессио Паталано Express.co.uk сайтына берген сұхбатта Қытайдың қауіп-қатерлеріне байыпты қарау керек деп қатаң ескерткен.
Саяси сарапшы және Аптос қаласындағы Кабрилло колледжінің антропология профессоры Деннис Этлер АҚШ-тың Қытаймен қарым-қатынасына қатысты "Джо Байден қиын жерде қалып қойды" деп мәлімдеді.
Ол Трамп әкімшілігінің сыртқы саясатын еске ала отырып, "Трамптың Бейжіңге қатысты қатаң саясаты кері әсерін беріп, уәде етілген нәтижеге қол жеткен жоқ" дейді.
Оставить комментарий