Қазақстанның тағы бір облысында карантинге өзгерістер енгізілді

/image/2021/02/15/crop-35_22_826x1101_68777.jpeg

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н.А. Беркімбаева карантин шараларының алдын алу мақсатында карантин туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Аталған қаулыға сәйкес:

  • мұз айдындарының қызметіне толымдылығы 50%-дан аспайтын әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін міндетті түрде сақтай отырып рұқсат етіледі;
  • мешіттерде толымдылығы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге; қуаты 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-дан аспайтын мешіттерде,  ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат беріледі;
  • 50% аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың қызметіне рұқсат етіледі;
  • білім  беру ұйымдарындағы, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне  рұқсат етіледі;

Бас санитар дәрігер қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енетінін ескертті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи