Австралия азаматы: Қазақ тілін үйрену ұнайды (видео)

/image/2021/02/15/crop-81_108_486x864_imgonline-com-ua-frame-blurred-rcpv0m3ot99.jpg
Саясаттанушы, экс-дипломат Расул Жұмалы ұлынан интернет арқылы екі айда қазақша үйреніп алған Иуан Смит деген австралиялық жігіттің видеосын жариялады. Саясаттанушы осыған қарап өмір-бақи Қазақстанда тұрып қазақша қақпайтындар қатты қынжылтатынын айтады.
 
Иуан Смит қазіргі таңда Сеулде тұрып жатқанын, қазақша үйренуді бастауының екі себебі барын жеткізді.
 
– Біріншіден, мен шет тілдерін үйренгенді жақсы көремін. Екіншіден, бір күні Қазақстанға саяхаттағым келеді. Қазақ тілін үйрену қиын. Өйткені құрылымы менің ана-тілімнен өте өзгеше және үйренуге жақсы ресурстар көп емес. Маған қазақ тілін үйрену өте ұнайды және бұл тіл әдемі әрі қызықты. Ең қызығы басқа көптеген тілдердің қазақ тіліне әсер етуі. Менің ойымша, шет тілін үйренуге көп уақыт пен күш қажет. Егер бір адам шет тілінде сөйлей алмаса, бұл проблема емес. Егер бір адам шет елде тұрса, ол сол тілді үйренуге тырысуы керек деп ойлаймын. Қазақша үйренуді жақында бастаған адамдар үшін менің кеңесім – сізді қызықтыратын тақырыпты тауып, сол тақырып туралы қазақша біліңіз. Оқулықта оқытылатын сөздер кейде қызықсыз. Сізге қызықты нәрселермен үйренсеңіз жақсырақ болар еді, – дейді австралиялық азамат.
 
 
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи