Қытай Еропалық Одақтың ең ірі сауда серіктесі болып, 2020 жылы АҚШ-ты басып озды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Ковид-19 пандемиясы салдарынан Еуропадағы негізгі серіктестерінің көпшілігімен сауда-саттық төмендеген болса да, Бейжің Вашингтонды артқа тастады.
Қытай мен ЕО арасындағы тауар айналымы өткен жылы 709 млрд долларды құрады, ал АҚШ-тан импорт пен экспорт 671 млрд долларды құраған.
Пандемияға байланысты Қытай экономикасы бірінші тоқсанда құлдырап кетсе де, оның экономикалық қалпына келуі ЕО тауарларына деген сұранысты арттырды.
Оставить комментарий