Нұртілеу Иманғалиұлының соңғы сұхбаттарының бірі жарияланды

/image/2021/02/17/crop-109_-1_399x532_700e615dcfb5bef2190ba22cfd12968b-750x422-1.jpg

Қазақстан ұлттық арнасы бүгін дүниеден өткен белгілі тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлының соңғы сұхбаттарының бірін жариялады. Журналист сұхбатты "Таңшолпан" бағдарламасына берген.

Сұхбат барысында тележүргізуші "Нұртілеу" бағдарламасының не үшін ашылғанын айтқан.

– Бұл бағдарламаның ешқандай ерекшелігі жоқ. Бұл – мен туралы сұхбат емес. Бұл – қазақтың құндылықтары айтылатын, қазақтың мен деген елдің алдында жүрген азаматтарының пікірі жарысқа түсетін, интеллектуалды сұхбат. Бұл қазақтың ықыласы, ақ тілеуі, нұр тілеуі, – деген еді Нұртілеу Иманғалиұлы.

2019-2021 жылдар аралығында "Nur Tiley" бағдарламасының 70 шығарылымы эфирге шыққан.

Оставить комментарий

Связанные Статьи