"Кісі өлтіруші жұмыстан шығарылған". Әкімдіктің бұрынғы қызметкері делінген адам күдікке ілінді

/image/2021/03/01/crop-57_-2_1046x1395_mycollages-45.jpg Фотоколлаж

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылық Ажар Әбдірешеваның күйеуінің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды. Бұл туралы әкім facebook парақшасында жазды.

Алматылық Ажар Әбдірешева қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Instagram-да видеоүндеу жасаған. Оның айтуынша, күйеуінің өліміне әкімдіктің бұрынғы қызметкері, бас бухгалтердің жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін.

– Құрметті Бақытжан Сағынтаев! Бүгін менің күйеуім Кенже Байниязовты өлтіріп кеткеніне 7 күн өтті. Қала әкімдігі өз қызметкерінің кісі өлтіруге қатысы бар-жоғына байланысты ешқандай түсініктеме бермеді. Керісінше, кісі өлтіруші Сұлтан Үметалиевтің кері датамен, яғни 2021 жылдың 18 ақпанында жұмыстан шығарылғаны туралы естіп-біліп жатырмын. Қала әкімдігі, нақтырақ айтқанда,  әкімдіктің бас бухгалтері кісі өлтірген жеке жүргізушісінің қылмысқа қатыстылығын жасыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, – деді ол.

Жәбірленушінің сөзінше, қазіргі уақытта күдіктінің қаруы табылмаған. Алматы әкімдігіне тиесілі автокөлік қылмыс болған жерде тұрған. Кісі өлтіруші қылмыс орнына қызметтік автокөлікпен барған.

– Бұл – 22 ақпандағы жағдай бойынша ер адам сол күнде де әкімдік қызметкері болғанының дәлелі, – деді ол.

Марқұмның жұбайы Сұлтан Үметалиевке психикалық жағдайына байланысты анықтама істетіп жатқаны туралы ақпарат естігенін айтты. 

– Алматылық Ажар Әбдірешеваның өтінішімен оның жұбайын өлтіру дерегі бойынша істі жеке бақылауыма алдым. Күдікті қамауға алынды. Қалалық Полиция департаментінің басшысы Қ.Таймерденовке тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын, – деп жазды әкім.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Связанные теги :

Связанные Статьи