АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Флоридадағы консерваторлардың конференциясында жаңа саяси партия құру жоспары жоқ екенін айтты. Оның себебін бұл қадам республикашылдардың даусын бөлетінімен түсіндірді.
Демократ Джо Байден президент болғаннан кейін Трамп алғашқы сөзінде 2024 жылы тағы да сайлауға түсуі мүмкін екенін меңзеген.
Трамп өзінен кейінгі президент Байденді қатты сынға алып, "АҚШ-тың саясаты "Америка біріншіден", "Америка ең соңғы" болып кетті" деп мәлімдеді.
Бұл мәлімдеме Трампты импичменттік сотқа тартқаннан бірнеше апта өткен соң айтылды.
Оставить комментарий