Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен кездескеннен кейін "екі ел қосылуы мүмкін" деген әңгімеге пікір білдірді, деп жазады БелТА сайты.
– Біз егемен және тәуелсіз елміз. Бүгінде әлем өзгергені сонша, Беларусь Ресей құрамына кіруі керек немесе Ресей Беларусь құрамына кіруге тиіс, не болмаса ортақ басқару органын құру арқылы екі ел қалай да бірігуі қажеттігі туралы әңгіме жүріп жатыр. Бұл бағытта жұмыс істеудің өзі ақымақтық болар еді.
Біріншіден, бұл мүлде керек емес. Өйткені егемен ел ретінде біз Ресей Федерациясының жекелеген аумағындағы қарым-қатынастан да берік қарым-қатынас жүйесін құра аламыз, – деген ол Беларусь пен Ресей түрлі бағытта тең дәрежеде дамып келе жатқандықтан жүйе құра алатынына сенімді екенін жеткізді.
Оставить комментарий