Қазақ өз жерінде босқынның күйін кешіп жүр

/uploads/thumbnail/20170708193719371_small.png

Мұсан Мырзабек атты Қытайдан қазақ еліне оралған қандасымыздың жағдайы мәз емес. Ақжар ауылдық көші-қон комитеті қандасымызды сотқа беретінін ескерткен.

Мырзабек қиырдан Қазақстанға 2013 жылдың сәуір айында көшіп келген.  Қандасымыз шырылдап, сауғалар қанат таппай біздің редакциямызға хабарласты.

Ол 2013 жылы 9 жасар баласымен  Қазақстанның Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылына көшіп келіпті. Атамекеніне тұрақтап қалуды көздеген отбасының  2014 жылдың сәуір айында Нұршуақ атты баласы өмірге  келген. Аталған  жылдың шілде айында жолдасы Айтқазы Жанаргүлдің виза мерзімі аяқталған болатын.  2015  жылдың шілде айында өзінің тіркеуінің уақыты біткен. Енді Ақжар ауылдық Көші-қон комитетіне барып, азаматтық алу туралы өтініш берген олардан комиетет мүшелері  тіркеу уақытының біткендігін, Қытайға тағы бір мәрте барып визасының уақытын ұзартуын талап еткен. Бірақ ол Қытайға баратын қаражатының жоқтығын айтқан.

Ендігі жерде комитет мүшелері күзге дейін күтетінін ескерткен, егер талаптарын орындамаса сотқа бермекке ұмтылып отыр.

Атамекеніне оралған оралман ағайындарды осы типтес  жағдайлар сағын сындырып, тұрлаусыз талаптардың тұтқына айналдырып бітті. "Көші-қон"  саясатының саясына телмірген оралмандарды  қаңғытуға дейін қалдырған кержақ комитет енді қауқарсыз қандасымызды сотқа салып, қылмыстық іс қозғауға дейін баруы -әбестік. Не бәрі Қытайдан елге оралғанына 2 жыл толған ағайынның заң талаптарынан қауқарсыз болуы ғажап емес. Елді аңсап жеткен қазақтарға алдымен түсіндіру әрекеттері жүзеге асуы тиіс. Біз неге өз Отанына талпынған қазақтарды қабылдауға қауқарсызбыз? Қазақты Қазақиядан алшақтату кімге керек болып отыр? Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары осы топырақтың төл перзенттерін өз жерінен алшақтату үшін арнайы аштық саясаты жүргізілген еді. Енді осы топырақтың төл мұрагерлері неге өз жерінде өгейдің күйін кешіп жатыр? Бұл бойында қазақы қаны тулаған әр азаматты ойландырар сауал болуға тиісті.

 

Гүлден Әбдібақыт

 

   

Связанные Статьи