Әйелдер құқығы туралы көп айтылып жүр. Кейде ерлердің құқығы да елеусіз қалып жататын жағдайлар ұшырасады.
Тарихқа көз жіберсек, әйелдердің құқын қорғайтын феминистік қозғалыстар қызметін өткен ғасырдың басында бастаған. Ал ерлердің құқы туралы қозғалыстар одан жарты ғасырдан астам уақыттан кейін пайда болған.
Ерлер құқығын қорғау қозғалысы – ерлер қозғалысының бір тармағы. Қозғалыс жалпы әлеуметтік мәселелерге және белгілі бір мемлекеттік қызметтердің ерлерге кері әсер ететін немесе кейбір жағдайларда құрылымдық жағынан кемсітетін әртүрлі дискриминацияға бағытталған.
Ерлердің құқығын қорғау қозғалысында талқыланатын жалпы тақырыптарға отбасы заңнамасында әйелдерге берілген ықтималды жеңілдіктер жатады, соның ішінде ажырасқан соң балаларды қамқорлыққа алу, алименттер және неке мүлкін бөлу сияқты мәселелер кіреді.
Қозғалыс сонымен қатар баланы ерлердің алуы, суицид, ер адамдарға қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық, білім алу, әлеуметтік қауіпсіздік істері және денсаулық саясатына қатысты мәселелерді көтерген.
Ерлердің құқығын қорғау қозғалысы 1970 жылдардың басында ерлерді азат ету қозғалысынан бөлініп шықты, екі топ та үлкен ерлер қозғалысының бір бөлігін құрады.
Құрылғаннан бастап ерлер құқығын қорғау қозғалысы көптеген сындарға ұшырады және кейбір ғалымдар бұл қозғалысты немесе оның бөліктерін феминизмге қарсы реакция ретінде сипаттады. Ерлердің құқығын қорғаумен байланысты шағымдар мен іс-шаралар сынға алынып, жеккөрушілік және зорлық-зомбылық белгілері ретінде көрсетілді.
2018 жылы "ерлердің құқығын қорғау қозғалысының кейбір жақтары заңды шағымдарға бағытталғанын" айтылды.
Дегенмен, ерлердің құқықтарын қорғаушы кейбір топтарды "ерлердің үстемдігі" аясындағы жеккөрініш идеологиясының бөлігі ретінде сипаттағандар да болды.
Жалпы Ерлер қозғалысы 1960-1970 жылдары ең алдымен Батыс елдерінде пайда болған, гендерлік мәселелерге назар аударатын ер адамдар топтары мен ұйымдарынан тұратын қоғамдық қозғалыс ретінде пайда болды.
Ерлер қозғалысы әртүрлі мақсаттарды көздейтін бірнеше қозғалыстардан тұрады.
Ерлер қозғалысының негізгі компоненттеріне ерлердің азаттық қозғалысы, маскулинизм, профеминистік ерлер қозғалысы, мифопоэтикалық ерлер қозғалысы және ерлер құқығын қорғау қозғалысы жатады.
Оставить комментарий