11 қыркүйек күні Қостанай және Ақтөбе облыстары әкімдері қызметтерінен босатылуы мүмкін. Бұл туралы «Қамшы» порталы ИА Новости-Казахстан басылымына сілтеме жасайды.
Ал ҚазТАГ агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Қостанай облысы әкімі қызметіне үш бірдей кіші шенеуніктің кандидатурасы қарастырылуда. Олардың ішінде қазіргі облыс әкімінің орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов те бар.
Қазіргі таңда Қостанай облысы әкімі қызметін Нұралы Садуақасов атқаруда. Садуақасов 1964 жылы 28 қарашда дүниеге келген. 2004 жылы Қостанай қаласы әкімі болып тағайындалған. 2012 жылдан бастап облыс тізгінін ұстап келеді.
Ал Ақтөбе облысынің қазіргі әкімі Архимед Мұхамбетов атқаруда. 2008 жылы Ақтөбе қаласы әкімі, ал 2011 жылы Ақтөбе облысы әкімі болып тағайындалған.
Әкімдердің не үшін қызметтерінен кететіні туралы нақты ақпараттар жарияланбаған.
Естеріңізде болса, кеше Қостанай қаласының экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов қамауға алынған болатын. Ол өзінің қызметтік мансабын жеке басына пайдаланғаны үшін айыпталып, сотта өз кінәсін мойындаған. Ал құқық қорғау қызметкерлері оның екі бірдей орынбасарын қамауға алғаннан кейін, экс-әкім өз еркімен отставкаға кеткен болатын.
Нұрзхат Тоғжан
«Қамшы» порталы