Бүгін Елордада өтетін түркі лидерлерінің кеңесіне Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатыспайтынын мәлімдеген. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, дипломатиялық корпустың брифингінде айтқан. Бұл туралы «Қамшы» порталы vlast.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ал Қазақ хандығының 550 жылдығы мен тұспа-тұс өтетін түркі мемлекеттері басшыларының кеңесіне Әзірбайжан және Қырғызстан мемлекеттерінің президенттері қатысады деп күтілуде.
Нұрзат Тоғжан
Оставить комментарий