Жақында ресейлік шоумен, кино әртісі Сергей Светлаков Қазақстан және қазақтар жайлы пікірін nur.kz сайтына берген сұхбатында білдірген. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Ресейләк шоумен алдағы уақыттарда Қазақстанға көшіп келуге ниетті екендігін айтқан. Оның ойынша, жаһандық дағдарыс Қазақстанда әлдеқайда жұмсақ өтуде.
Айтпаөшы, ресейлік жұлдыздың Алматы қаласында жеке мейрамханасы бар екенін айта отырып, қазақстандықтарға “жаңа өмір бастау керек», – деп кеңесін берген. Ол мұндай пікірін Алматыда өткен журналистермен кездесу барысында айтқан.
«Қазақтан үйін тартып алып, жұмыстан қусаң не істейді? Бірінші кезекте ол барып, ең қымбат көлікті сатып алады. Ең бөспе халық – қазақтар», – дейді ресейлік жұлдыз Сергей Светлаков.
Шоумен Алматыдағы мейрамханасында ең көбі 18 мың долларға тамақтанғандар да табылғанын жасырмаған.
Журналистердің «Қазақстандық дәстүрлердің қайсысы сізге ұнайды» деген сұрағына жауап берген Светлоков қазақтар туралы ойын былайша тұжырымдаған екен.
С.Светлоков, ресейлік шоумен, ресторатор:
-Барынша көсіліп өмір сүру. Қазақ демалса, менің өзге ұлт өкілдері арасындағы достарымның бірі жасай алмайтын мереке ұйымдастырады. Маған бұл ұнайды, себебі бұл адамдардың ашық, көпшілікке өзін жария етуді армандай білетін халық екенін көрсетеді.
Нрзат Тоғжан
Оставить комментарий