Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы деректерді жариялады.
Министрлік мәліметінше, 16 наурыз күні 1082 адамнан коронавирус анықталып, 8 адам көз жұмған. 79 адам пневмония жұқтырған.
Коронавирус алғаш тілкелген 2020 жылғы 13 наурыздан 2021 жылғы 16 наурызға дейін елде 226 767 адамнан вирус анықталған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасы бойынша 16 наурызға дейін 49 896 науқас пневмонияға шалдыққан.
17 наурыздағы мәлімет бойынша, 15 820 адам коронавирустан, 3 812 пневмониядан емделіп жатыр. Оның ішінде 5 370 пациент стационарда, 14 262 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында 237 адамның жағдайы ауыр, 56 пациенттің жағдайы өте ауыр, 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Оставить комментарий