"Баламалы мүмкіндік". Пойыз жолаушыларына арналған мәлімдеме

/image/2021/03/17/crop-27_81_644x1146_1561366672_news_b.jpeg
"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы қала маңындағы пойыздарда вагонға отырғызудың баламалы мүмкіндігі пайда болғанын хабарлады.

Енді жолсеріктің мобильдік терминалы арқылы жолаушының мобильді құрылғысынан электрондық жеке куәліктің QR-кодын оқу арқылы жолаушыларды вагонға отырғызуға болады.

"Деректерді верификациялау кезінде жолаушының сәйкестендірілуі және оның жол жүру деректемелері расталады. Бұл мүмкіндік отырғызылудың баламалы нұсқасы және жолаушыға жеке куәлігін ұсынбауға мүмкіндік береді. Оны пайдалану үшін жолаушының мобильді құрылғысы және отырғызу кезінде ұялы байланысындағы интернет желісі қосылып тұруы қажет. 2021 жылдың маусым айының басында мобильдік терминалдың жаңартылған нұсқасын іске қосу жоспарланып отыр" делінген "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы таратқан ақпараттық хабарламада.

Оставить комментарий

Связанные Статьи