Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры төлем алуға өтініш бермеген зейнеткерлерді іздестіріп жатыр. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
2018 жылы 11 қазаннан бастап зейнеткерлік жасқа толуға байланысты бірыңғай өтініш беруге болатын "бір терезе" қағидаты бойынша композиттік қызмет енгізілген. Оның аясында зейнеткерлік жасқа толған алушы бірыңғай өтінішпен және құжаттар топтамасымен мемлекеттік корпорация яғни ХҚО-ға жүгінеді.
"Алайда БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінде қордан төлемдер жүзеге асырылмайтын 200 мыңнан аса шот (200 160) бар. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар бюджеттен қаражаттарын алып жатыр. Олардың көпшілігі зейнеткер қатарына 2018 жылдың 11 қазанына дейін қосылған.
БЖЗҚ салымшылардың деректерін сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізіп, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қордан төлемдер жүзеге асырылатын тұлғалардың тізімін жасақтады. Енді осы санатта бар адамдардың телефон нөмірлеріне (ол мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша белсенді қызмет көрсету ұсынылған sms-хабарлама жолданады" делінген хабарламада.
Келісім алынғаннан кейін бұл азаматтарға БЖЗҚ-дан төлемдер мемлекеттік корпорацияға алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынған банк шоттарына жіберілетін болады.
Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады.
Оставить комментарий