Қарағандылық учаскелік полицейлер қарт зейнеткерді алдап, ақшасын ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz сайты.
Сайт мәліметінше, 83 жастағы қала тұрғыны жергілікті полиция бөлімшесіне хабарласып, соңғы 25 мың теңгесінің жоғалғанын айтқан.
Тергеу барысында таңертең әжейдің пәтеріне бейтаныс әйел келіп, сауалнама жүргізгені белгілі болды.
Нәтижесінде жәбірленушіні тонаған күдікті зейнеткердің жоғарғы қабатта тұратын 43 жастағы көршісі екені анықталды. Күдікті өзінің кінәсін толық мойындаған. Сондай-ақ ұрлаған ақшаны жұмсап жібергенін айтқан.
Оставить комментарий