Айдын Айымбетов бүгін таңғы сағат 06.51-де Қарағанды облысына қонды. Бұл туралы «Қамшы» порталыTengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Экипаждың құрамында Геннадий Падалки (Ресей), Андреас Могенсен (Дания) және қазақстандық Айдын Аймбетов бар ғарыш кемесі Жезғазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды .Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлер олардың қан қысымдары қалыпты екенін айтып өтті. "Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға дайынмын", - деді Айдын Айымбетов .
Айдын Айымбетовты Жерде туыстары қарсы алды. Енді бірнеше сағаттан кейін ғарышкерді Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды.Сондықтан да ол Астанаға жолға шықты.
Оставить комментарий