Көршілеріміздің кейбір тағамдарын тұтынуға болмайды екен

/uploads/thumbnail/20170708193751616_small.png

Елімізге  Қырғызстан мен Ресесйден  әкелінетін кейбір тағамдарды өткізуге уақытша шектеу жасалды. Бұл туралы «Қамшы» порталы  ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Уақытша шектеу Ресейдің мынандай өміндеріне қойылды: Әртүрлі дәмге ие "HOCHLAND" балқытылған ірімшігі (Хохланд"ЖШҚ); әртүрлі дәмі бар глазурленген ірімшік ("Преображенский" ЖШҚ МК); йогурт сусындары ("Кампина" ЖШҚ); "Славянские қант қосылған қойылтылған кілегей" құрамында сүті бар қойылтылған өнім ("Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ); шұжық өнімі ("Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ); "Шоколайт" және "Голландские" вафлиі ("КДВ Кемерово" ААҚ).  Сонымен қатар, қырғызстандық өнеркәсіптің "Шаруа" сары майын әкелуге тыйым салды.

" Бұл шешім биылғы 8 ай ішінде  жүргізілген зертханалық зерттеулерді талдау нәтижелері бойынша қабылданды. Бұл өнімдердің микробиологиялық көрсеткіштер бөлігінде және ашытқылар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық регламенттердің гигиеналық көрсеткіштерін бірнеше рет бұзу фактілері анықталды", -деп баспасөз қызметі түсініктеме беріп өткен.

Оставить комментарий

Связанные Статьи