Премьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ұжымының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қызметінен босатты. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
"Үкімет басшысы қордың бұрынғы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және Тәуелсіздік жылдары түрлі мемлекеттік лауазымдардағы тиімді жұмысы үшін алғыс айтты" делінген хабарламада.
Премьер-министр А. Есімовтің "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ трансформациясын жүргізу және жаңғырту, Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен дамытуды арттыру жөніндегі міндеттерді табысты шешкенін атап өтті.
Оставить комментарий